«Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру талаптарын бекіту туралы»

«Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру талаптарын бекіту туралы»

2021 жылдың 6 мамырында № 305 «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру талаптарын бекіту туралы» Ұлттық қауіпсіздік комитетімен әзірленген Үкімет қаулысы қабылданды (әрі қарай - Талаптар).

Қабылданған қаулымен террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға бағытталған шараларға қойылатын талаптар реттеледі.

Объектілердің салалық ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік органдар Ведомствоға бағынысты объектілерді терроризмге қарсы қорғау жөніндегі нұсқаулықты кейіннен оларды енгізу мен бейімдеу үшін әзірледі.

Қабылданған нормативтік құқықтық акті «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Үкіметтің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 қаулысының күші жойылды деп тануды қарастырады және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі