Көшеттер отырғызу туралы

Көшеттер отырғызу туралы

2021 жылғы 24 сәуірде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу және Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесіп, «Тұңғыш Президент» саябағының аумағында 200 түп көшет отырғызуды жүзеге асырды.

 

 

Іс-шараға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ҰҚК басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Бұл акция еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға, жас ұрпақты табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге және қоғамдағы экологиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Әкімдік өкілінің айтуынша, «Әлем бір орында тұрмайды. Индустрияландыру сәтінен бастап адам уақыт өткен сайын табиғаттан көптеп алуда. Бүгінгі акция – бұл экологияны жақсарту үшін не істей алатынымыздың аз ғана бөлігі. Біздің болашағымызға, табиғатымызға және экологиямызға бей-жай қарамайтын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз».

Іс-шара естелік фотосуреттермен, сондай-ақ осыған ұқсас акцияларды тұрақты негізде өткізуді талқылаумен аяқталды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі