Жалған ақпаратты тарату туралы

Жалған ақпаратты тарату туралы

Ағымдағы жылғы 17 сәуірде жекелеген электрондық ақпараттық ресурстарда Атырау облысында жүргізіліп жатқан акциялар туралы бейне жазба таратыла бастады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. “Қалқан-2021” оқу-жаттығуларынан әлеуметтік желілерде таратылған бейне материал.

Осыған байланысты ҰҚК баспасөз қызметі отандық БАҚ редакцияларынан осындай материалдарды қайта басып шығару немесе оларға сілтеме жасау кезінде растау немесе түсініктеме алу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгінуді сұрайды, жалған ақпарат таратпауға шақырады.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі