«Қалқан-2021» оқу-жаттығуы аяқталғаны туралы

«Қалқан-2021» оқу-жаттығуы аяқталғаны туралы

2021 жылғы 16 сәуірде Маңғыстау облысындағы «Оймаш» полигонында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ІІМ қарулы күштерімен және Ұлттық ұланымен, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдардың шұғыл әрекет етуші қызметтерімен бірлесіп өткізген «Қалқан-2021» жедел оқу-жаттығуы аяқталды.

 

Оқу-жаттығудың мақсатын дайындау  барысында әскери іс-қимылдармен қатар асимметриялық шаралар қолданылатын, радиоэлектрондық күрес құралдары мен пилотсыз техника қолданылатын қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың мүмкіндіктері ескерілді.

 

Оқу-жаттығудың ерекшелігі ретінде қатысушыларының екі жағы да бір жарым айдан астам уақыт бойы өз мақсаттары аясында әрекет етіп, бір-бірінің құрамы мен жоспарларын білмей келді және оқу-жаттығу шарттары мен жаңа кіріспелердің үнемі өзгеруін ескере отырып, өз әрекеттерін бағдарлап, түзетіп отыруға тиіс болғандарын атау керек.

 

Бұл әр түрлі деңгейдегі командирлерден жедел жағдайды, өзара әрекеттесетін әскери және жедел күштер мен құрылымдардың мүмкіндіктерін білуді талап етті.

 

Оқу-жаттығу өткізілетін орын ретінде Маңғыстау өңірінің таңдалуы сол жердің ерекшелігіне байланысты болды. Бұл білім алушыларға бір мезгілде жазық және шөл далада, жағалау учаскелерінде, теңізде және экономика мен инфрақұрылымның стратегиялық нысандарының болуы жағдайында іс-қимыл жасау дағдыларын үйренуге мүмкіндік берді.

 

Оқу-жаттығудың қойылған мақсаттарына қол жеткізілді, әртүрлі күш-құрылымдардың бірлескен іс-қимылдарының айтарлықтай тәжірибесі жинақталды және барлық бөлімшелер өз әрекеттерімен жоғары үйлесімділікті көрсетті.

 

Әскери дәстүр бойынша оқу – жаттығу аяқталғаннан кейін көзге түскен әскери қызметшілер мен қызметкерлерді Қорғаныс министрініғ, ҰҚК Төрағасының орынбасары-Шекара қызметінің директорының және ІІМ Ұлттық ұланының қолбасшысының қатысуымен марапаттау рәсімі өткізілді.

 

Сондай-ақ, мерекелік концерт өтті, онда әскери бауырластық атмосферасын сақтау мақсатында жаттығуға тартылған әскер түрлері мен тектерінің жаңа және дәстүрлі әндері орындалды.

 

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі