«Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы»

«Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы»

2021 жылдың 12 сәуірінде № 234 «Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Ұлттық қауіпсіздік комитетімен әзірленген Үкімет қаулысы қабылданды.

Қағидалар мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың объектілерді террористік тұрғыдан осал қатарына жатқызу тәртібін айқындайды.

Мақсаттың бағытталу саласына және мемлекеттің тіршілігін қамтамасыз ету дәрежесінің маңыздылығына байланысты объектілерді террористік тұрғыдан осал қатарына жатқызу өлшемшарттары жаңартылды.

Жаңа тәсілдерге сәйкес жергілікті атқарушы органдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін қайта қарау жұмыстарын ұйымдастыруы қажет.

Қабылданған қаулы «Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Үкіметтің 2013 жылғы 28 тамыздағы №876 қаулысының күші жойылды деп тануды қарастырады және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі