«Қордай» пунктінің өткізу мүмкіндігін арттыру туралы

«Қордай» пунктінің өткізу мүмкіндігін арттыру туралы

2021 жылғы 2 сәуірде Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері басшыларының, сондай-ақ екі елдің Шекара қызметтері басшылығының қатысуымен қайта жаңартылған «Қордай» өткізу пунктінің (Жамбыл облысы) ресми ашылуы өтті.

 

 

Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д. Ділманов делегацияға жаңа жабдықтармен жабдықталған өткізу пунктін таныстырды. Ол Мемлекеттік шекара арқылы қолайлы және сапалы өткізу үшін барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Өткізу пунктінің іргелес аумағында азаматтар қозғалысының бағыттары бойынша жеке галереялар, ана мен бала бөлмелері көзделген, қол жүгін жылдам тексеруге арналған рентген-теледидар аппараттары және автокөлікке арналған инспекциялық-тексеру кешендері орнатылған. Осының барлығы жаппай өту кезеңінде жолаушылар ағыны мен автокөліктің жиналу факторларын азайтуға және өткізу мүмкіндігін арттыруға,сондай-ақ ықтимал заңсыз әкелу мен әкету  әрекеттерін сенімді анықтауға ықпал етеді.

 

 

Қазақстан азаматтары карантиндік шектеулер кезеңінде бекітілген Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне сәйкес кез келген мақсатта 30 күнде 1 рет шектес мемлекетке шыға алатынын естеріңізге саламыз.

 

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі