Қазақ-өзбек шекарасында Шекаралық өзара іс-қимыл кеңсесі ашылды

Қазақ-өзбек шекарасында Шекаралық өзара іс-қимыл кеңсесі ашылды

2021 жылғы 30 наурызда Түркістан облысында ҚР СІМ бастамасымен Біріккен ұлттар ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ) мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі бірлесіп, Б. Қонысбаев өткізу пунктінде Шекаралық өзара іс-қимыл кеңсесінің (ШӨК) ашылуын өткізді.

 

 
 

Іс-шараға БҰҰ ЕҚБ-ның Орталық Азиядағы өңірлік өкілі Ашита Миттал, бағдарламаның халықаралық үйлестірушісі Юсуф Курбонов, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы қатысты.

ШӨК қызметі шекаралық ынтымақтастықты халықаралық деңгейде кеңейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ шекарада ұйымдастырылатын іс-шараларға өзара қатысуға ықпал етеді.

 

 

Бұл жұмыстың мақсаты негізгі бақылау-өткізу пункттерінің (БӨП) әлеуетін күшейту жолымен Ауғанстаннан солтүстік бағыт бойынша апиын трафигіне қарсы тұру болып табылады.

Сонымен қатар, «Сарыағаш» өткізу пунктінде интерактивті сыныптың тұсаукесері өтті. Бұл құқық қорғау тақырыбындағы кешенді оқыту бағдарламасы БҰҰ ЕҚБ-ның өңірдегі есірткіні бақылауға және қылмыстың алдын алуға бағытталған жалпы стратегиясын қолдайды, оны нығайтады және байланыстырады.

 

 

Интерактивті сынып Орталық Азия мемлекеттерінің құқықтық, процессуалдық, тілдік және мәдени ерекшеліктеріне бейімделген.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі