Авиациялық оқиғадан соң қабылданған шаралар

Авиациялық оқиғадан соң қабылданған шаралар

ҚР Үкіметі орын алған авиациялық жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында құрамына Ұлттық қаупсіздік комитеті, Қорғаныс және Ішкі істер министірліктерінің өкілдері кірген арнайы сараптау комиссиясын құрды.

 

Қазіргі уақытта комиссия мүшелері әуе кемесінің апатқа ұшыраған оқиға орнында. Борттық жазу құралы («қара жәшік») табылды және ішіндегі мәліметтері тексерілуде, нәтижелері жақын уақытта хабарланатын болады.

 

Туғандары және туысқандарымен психологтар жұмыс істеуде. Медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласында орналасқан ҰҚК Госпиталінің мамандары жұмылдырылған.

 

Арнайы бортпен Е.Васильковтың ата-аналары Петропавл қаласынан Алматыға жеткізілді.

 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаза болғандар мен жапа шеккендердің отбасылары мен туғандарына қажетті материалдық, жерлеу рәсімдерін өткізу үшін  де барлық көмек түрлерін көрсетуде.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі