ҰҚК мен ІІМ аса қауіпті трансұлттық қылмыстық топты жойды

ҰҚК мен ІІМ аса қауіпті  трансұлттық қылмыстық топты жойды

2021 жылғы 10 наурызда Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Семей қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша ірі ауқымды арнайы операция жүргізді.

Ұсталған топтың 16 қатысушысына адам ұрлау, бопсалау, кісі өлтіруге оқталу, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінен құрамында алтыны бар шикізатты ұрлау және оның ҚР шегінен тыс контрабандасы, сондай-ақ трансұлттық қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау айыптары тағылып отыр.

Қылмыстық топтың құрамына құқық қорғау органдарының әрекеттегі және бұрынғы қызметкерлері кірген.

Ұстау барысында қаскүнемдерден олардың жасаған қылмыстарын растайтын ірі сомадағы ақшалай қаражат, материалдық құндылықтар, байланыс құралдары және өзге де заттар табылып, алынды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

                                                                                                                                   ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі