ҰҚК ардагерлерінің ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесуі туралы

ҰҚК ардагерлерінің ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесуі туралы

2021 жылғы 17 ақпанда «ҰҚК органдарының ардагерлері» РҚБ Алқасы мүшелерінің ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ф. Каменовпен және С. Решетниковпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің азаматтарды әлеуметтік қорғау, ардагерлер ұйымдарының қызметіне қолдау көрсету сұрақтары бойынша заңнама актілерін талқылауға қатысу мәселелері қаралды, сондай-ақ одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін басымдықтар белгіленді.

Депутаттар ардагерлер ұйымдарының жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу, сондай-ақ қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті нығайту бойынша жұмыстағы маңызды ролін атап айтты.

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі