Деструктивті діни ағым ұстанушылары есірткімен ұсталды

Деструктивті діни ағым ұстанушылары  есірткімен ұсталды

2021 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде өсімдік түрлі есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатыстылығы бар топ мүшелерін құрықтады.

Бұл факт ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктелерге «қамауға алу» бұлтартпа шарасы қолданылды.

Ұсталған азаматтар деструктивті діни ағым ұстанушылары болып табылады.   

Тергеу амалдары жалғасуда.

                                                                                                     Қазақстан Республикасы

                                                                                                       ҰҚК Баспасөз қызметі