Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар туралы

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.



Биылғы тамызда СЖҚК прокуратураның үйлестіруімен Көлік министрлігінің автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көлік бақылауы инспекциясы басшысының орынбасарын ұстады.

Олар жүктері рұқсат етілген салмақ нормаларынан асып кеткен көлік құралдарының кедергісіз жүруін қамтамасыз ету жөніндегі құқыққа қарсы әрекетте күдікті.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес бұлар кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден астам сомаға материалдық сыйақы алған.

Сот санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі