
Ү.ж. маусымда ҰҚК СЖҚҚ 125 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды тіркеді.
Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі (97) парақорлық, (9) алаяқтық және (8) лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану, (7) жымқыру, (3) қызметтік жалғандық жасау, (1) билікті асыра пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты.
Қылмыстық істер бойынша 67 адам күдікті деп танылды.
149 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 129-ы сотқа жіберілді.
Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 4,7 млрд теңгені құрады. Бюджетке 2,1 млрд теңге қайтарылды. Құны 971,4 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
ҰҚК баспасөз қызметі