
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясында білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған офицерлердің салтанатты бітіру рәсімі өтті.
Іс-шараға Комитет басшылығы, ардагерлер, Академияның профессор-оқытушылық құрамы, сондай-ақ түлектердің туыстары мен жақындары қатысты.
Оқыту барысында тыңдаушылар мен курсанттар ұлттық мүдделерді қорғау және заманауи қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерді орындау үшін қажетті іргелі теориялық білім мен практикалық дағдыларды алды.
Түлектерге арнаған сөзінде ҰҚК және Академия басшылығы Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызметтің ерекше маңыздылығын атап өтіп, кәсіпқойлық, жауапкершілік, антқа адалдық және қызметтік борышын мінсіз орындау офицердің табысты қызметінің негізі болып табылатынын атап өтті.
Оқудағы жоғары көрсеткіштері үшін 19-ы үздік дипломдармен марапатталды және аға лейтенант арнайы атағы берілді.
Түлектер Комитеттің дәстүрлерін абыроймен жалғастыруға, жүктелген міндеттерді адал орындауға және Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге лайықты үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.
Жас офицерлер Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне тағайындалды, онда олар қызметтік міндеттерін орындауға кіріседі.
ҰҚК Академиясының кезекті бітірілуі елдің конституциялық құрылысын, егемендігі мен ұлттық мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді тиімді шеше алатын жоғары білікті кадрларды даярлаудағы маңызды кезең болды.
ҰҚК баспасөз қызметі