Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл

2026 жылғы 12 маусымда Түркістан облысында ҰҚК полициямен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтың заңсыз қызметінің жолын кесті.

Тергеу мәліметтері бойынша, топ мүшелері мемлекеттік шекара арқылы өту кезінде кедендік рәсімдерді жеделдетіп өткізу үшін ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне заңсыз делдалдық қызметтер ұйымдастырды деп күдіктелуде.

Жиналған материалдардың негізінде 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тінту барысында 5 бірлік атыс және пневматикалық қару, ірі көлемдегі ақша қаражаты, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі