
2026 жылғы 6 маусымда «Астана-Арена» стадионында ҚР ҰҚК күш құрылымдар арасында футболдан VII-ші республикалық турнирдің финалынөткізді.
ҰҚК құрамасы жеңімпаз атанып, ІІМ командасы екінші, МҚК үшінші орын иеленді.
Жарысқа ҚМА, БП, ҚМ және ТЖМ өкілдері де қатысты.
Ойыншылар шеберлік, жеңіске жету ерік-жігері мен жарыстың көркемдігін көрсетті.
Жүлдегерлер мен үздік футболшылар кубоктармен, медальдармен және жүлделермен марапатталды.
Топтық матчтар 18-мамыр мен 4-маусым аралығында өтті.
Қазақстан футбол федерациясына, Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет және спорт басқармасына, сондай-ақ төрешілер бригадасына мен жанкүйерлерге белсенді қолдаулары үшін алғыс білдірілді.
ҰҚК баспасөз қызметі