
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген ҚР азаматтарын елге қайтару жөніндегі операцияныжүргізді.
А.ж. 7 және 12 мамырында шетелдік елдерден ҰҚК арнайы жасағының конвойымен террористік қылмыс жасады деген күдікпен республикамыздың төрт азаматы Отанға жеткізілді.
Аталған адамдар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген, ҰҚК бағдары бойынша ұсталды.
Оларға қатысты тиісті қылмыстық істер шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК баспасөз қызметі