
Жыл басынан бері ҰҚК полиция органдарымен бірлесе және прокуратураның үйлестіруімен Қазақстан өңірлерінде қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
118 бірлік қару тәркіленді, оның ішінде 6 «Калашников» автоматы, 83 мылтық, 29 тапанша, сондай-ақ 15 граната мен 859 оқ-дәрі.
Аталған фактілер бойынша жедел-тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
ҰҚК Баспасөз қызметі