Адамды ұстау туралы

Адамды ұстау туралы

2026 жылғы 2 ақпанда Алматы қаласында ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен «Т» қылмыстық ортаның өкілін ұстады.

Көрсетілген адам аса ірі көлемде қорқытып алушылық жасады деп күдіктелуде.

Ұсталған адам УҰИ-ға қамалды.

Осы іс аясында а.ж. қаңтарында Шымкент қаласында оның екі сыбайласының құқыққа қарсы әрекеті тоқтатылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі