2025 жылғы қазандағы ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері туралы

2025 жылғы қазандағы ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері туралы

Қазан айында Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 83 құқық бұзушылықты тіркеді:

- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу)12;

 - 190-бап (алаяқтық) 16;

- 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру)1;

- 206-бап (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру)1;

- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану)2;

- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану)3;

- 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) 1;

- 366-бап (пара алу)26;

- 367-бап (пара беру)11;

- 368-бап (парақорлыққа делдал болу)4;

- 380-бап (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану)1;

- 394-бап (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру)2;

- 414-бап (көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау)1;

- 433-бап (қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру)2.

 

 Сотқа келесі 54 қылмыстық іс жіберілді:

- 147-бап (жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және ҚР-ның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) 1;

- 189-бап (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу)1;

- 190-бап (алаяқтық)17;

- 366-бап (пара алу)19;

- 367-бап (пара беру)11;

- 368-бап (парақорлыққа делдал болу)5.

 

 Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

  

ҰҚК баспасөз қызметі