Іздеуде жүрген ҚР азаматын ұстау туралы

Іздеуде жүрген ҚР азаматын ұстау туралы

2025 жылдың 11 қазанында ҰҚК ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық Орталықбюросымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астана қаласына жеткізді.

Көрсетілген адам аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілініп, 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі