Сыбайлас жемқорлық жасау күдігі туралы

Сыбайлас жемқорлық жасау күдігі туралы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысын пара алды деген күдікпен ұстады.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оған бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҰҚК баспасөз қызметі