
ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысыныңбірқатар жергілікті атқарушы органдары басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізуде.
Атап айтқанда, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бөлінген 191 млн теңгебюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Ветеринариялық қызметі басқармасы басшысының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара беру фактісі тергелуде.
Соттың санкциясымен көрсетілген тұлғалар қамауда ұсталуда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 2025 жылдың қыркүйегінде 5 шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актісінің алдын алды.
Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру барысы туралы ақпарат жария етуге жатпайды.
Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған.
Жалпы жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның 6-сы шетелдіктер.
ҰҚК баспасөз қызметі
Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді.
Ермек Сағымбаевтың айтуынша, ұлттық қауіпсіздік органдары экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адамды ұстаған. Радикалдық ағымның жетегіне ерген 83 адам сотталды.
Ішкі істер министрлігімен бірлесе қабылданған шаралар нәтижесінде 17 қылмыстық топ құрықталып, олардың 244 мүшесі ұсталды. 96 адам қамауға алынды.
Заңсыз айналымнан 453 қару, 64 граната, 6 мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді. 16 есірткі зертханасы, 25 халықаралық және 19 өңірлік есірткі тасымалдау арнасы жойылды. 20 тоннаға жуық есірткі заттары, соның ішінде 13 тонна колумбиялық кокаин мен 10 тонна прекурсор айналымнан алынды.
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жемқорлыққа қарсы күрес аясында мемлекетке 3,8 триллион теңге көлемінде залал келтірілмеді. Бюджетке 255 миллиард теңге өтелді. Коррупция фактісі бойынша 91 қылмыстық іс қозғалды.
Кездесу соңында Президент ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.
2025 жылдың 11 қазанында ҰҚК ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық Орталықбюросымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астана қаласына жеткізді.
Көрсетілген адам аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілініп, 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК баспасөз қызметі
Қыркүйек айында ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 13 құқық бұзушылықты тіркеді:
- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 1;
- 366-бап (пара алу) - 5;
- 367-бап (пара беру) - 5;
- 234-бап (экономикалық контрабанда) - 1;
- 287-бап (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) - 1.
Сотқа келесі 9 қылмыстық іс жіберілді:
- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) - 3;
- 190-бап (алаяқтық) - 1;
- 366-бап - (пара алу) - 3;
- 218-бап (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) - 1;
- 385-бап (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) – 1
Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.
ҰҚК баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бағытында жүйелі шаралар қабылдауда.
2025 жылғы қыркүйекте ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында қару-жарақты іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
62 бірлік қару-жарақ, оның ішінде 3 Калашников автоматы, 16 тапанша, 43 мылтық, 4 граната және 4 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.
2022 жылғы қаңтарда ұрланған 10 қару-жарақ анықталды.
Көрсетілген фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жою бойынша көп сатылы операцияны жүзеге асырды.
Уақтылы қабылданған шаралармен Алматы қаласында республика тарихындағы ең ірі бір реттік cалмағы 13 тонна 183 килограмм кокаин есірткі затының партиясы тәркіленді.
Осы жүктің бағыты Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзит жасауды көздеді.
Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен екі шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК Баспасөз қызметі
2025 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының 12 азаматы террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталды.
Олардың 11-і терроризм идеясын насихаттап, зорлық-зомбылықты ақтап және діни араздыққа шақырған, ал тағы 1-і лаңкестік ұйымға қосылу үшін шетелге шығуға дайындалған.
Олардың барлығы сот шешімімен кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
ҰҚК баспасөз қызметі
«Orda» телеграм-арнасында ҰҚК-нің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлерінің қамауға алынғаны туралы ақпарат жарияланды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.
Қасақана жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз.
ҰҚК Баспасөз қызметі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес шеңберінде ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тамыз айында ҚР Қылмыстық кодексінің келесі:
- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 4;
- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) - 1;
- 366-бап (пара алу) - 17;
- 367-бап (пара беру) - 18;
- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) - 3;
- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) - 4;
- 190-бап (алаяқтық) - 2;
- 369-бап (қызметтiк жалғандық жасау) - 1;
- 433-бап (қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру) – 1 баптары бойынша сараланатын 51 құқық бұзушылық фактісін тіркеді.
Сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің:
- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) - 9;
- 190-бап (алаяқтық) - 6;
- 366-бап - (пара алу) - 6;
- 367-бап (пара беру) - 5;
- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) - 2;
- 365-бап (заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау) – 1 баптары бойынша 29 қылмыстық іс жіберілді.
Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 2 адамға 730 мың теңгесомасында сыйақы берілді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
ҰҚК баспасөз қызметі