Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Қызметі туралы
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Комитет туралы
Құжаттар
Все материалы
16 сентября 2026
Түркі мемлекеттері арнаулы қызметтері конференциясының 28-ші отырысын өткізу туралы

2026 жылғы 15 қыркүйекте Бурабайда түркі мемлекеттері арнаулы қызметтері конференциясының 28-ші отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстанның ҰҚК, Әзербайжанның МҚҚ мен СБҚ, Қырғызстанның ҰҚМК, Түркияның ҰБҰ және Өзбекстанның МҚҚ басшылары қатысты.

Құрметті қонақтар ретінде Тәжікстанның ҰҚМК, Түрікменстанның ҰҚМ және Венгрияның Ақпараттық офисінің өкілдері шақырылды.

Кездесуге қатысушылар әлемдегі жағдайды бағалау бойынша пікір алмасып, заманауи қауіп-қатерлер жағдайында өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық жөніндегі шараларды талқылады.

Конференция соңында қорытынды құжатқа қол қойылды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

15 сентября 2026
Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан арнаулы қызметтері басшыларының кездесуі туралы

2026 жылғы 14 қыркүйекте Бурабайда қазіргі заманғы қатерлер жағдайында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған Орталық Азия мемлекеттері мен Әзірбайжан арнаулы қызметтері басшыларының кездесуі өтті.

Іс-шараға Қазақстанның ҰҚК, Әзербайжанның МҚҚ, Қырғызстанның ҰҚМК, Тәжікстанның ҰҚМК, Түрікменстанның ҰҚМ және Өзбекстанның МҚҚ басшылары қатысты.

Кездесуге қатысушылар жағдайды бағалау бойынша пікір алмасып, терроризмге, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымына, сондай-ақ трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты одан әрі нығайту мақсатында өзара тығыз іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

10 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар туралы

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.



Биылғы тамызда СЖҚК прокуратураның үйлестіруімен Көлік министрлігінің автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көлік бақылауы инспекциясы басшысының орынбасарын ұстады.

Олар жүктері рұқсат етілген салмақ нормаларынан асып кеткен көлік құралдарының кедергісіз жүруін қамтамасыз ету жөніндегі құқыққа қарсы әрекетте күдікті.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес бұлар кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден астам сомаға материалдық сыйақы алған.

Сот санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

07 сентября 2026
ҰҚК-ның 2026 жылғы шілде және тамызындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің нәтижелері туралы

Биылғы шілде-тамызда ҰҚК СЖҚҚ-да 201 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығытіркелген.

Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық, заңсыздық және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты.

Қылмыстық істер бойынша 140 адам күдікті деп танылды.

126 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 110-ы сотқа жіберілді.

Анықталған залал сомасы (ақталған қылмыстық істер бойынша) 3,7 млрд теңгені құрады.

 

ҰҚК Баспасөз қызметі

Жедел-іздестіру іс-әрекеті
04 сентября 2026
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес туралы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды іске асыруда.

Биылғы жылдың басынан бері ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен еліміздің бірқатар өңірлерінде 24 қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекетінің жолын кесті.

 

 

Бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстарды жасады деген күдікпен 169-дан астам адам, оның ішінде топ жетекшілері ұсталды.

Шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында қылмыстық схемаларды ұйымдастырумен байланысты заңсыз кіріс көздері анықталып, жойылды.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

  

ҰҚК Баспасөз қызметі

03 сентября 2026
Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді алып қою туралы

Биылғы тамызда ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен еліміздің 12 өңірінде қарудың заңсыз айналымын тоқтату бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Барлығы 56 қару-жарақ, оның ішінде 4 автомат, 34 мылтық, 18тапанша, 13 граната және 314 оқ-дәрі тәркіленді.

Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

02 сентября 2026
Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы

2026 жылдың маусым-тамыз айларында ҰҚК тергеген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 19 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Солардың бірі, Алматы қаласының тумасы 2017 жылдан бастап халықаралық террористік ұйымдарынының іс-әрекетіне қатысқаны үшін іздеуде жүрген. Түркияда табылған болатын. Ол жақтан 2025 жылы елге депортацияланып, қылмыстық іс аясында қамауға алынған. Сот шешімімен  8 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Одан басқасы, Шымкент қаласының тұрғыны қоғамдық желілерде терроризм идеологиясын насихаттап, таныстарды зорлық-зомбылық акцияларға шақырған. Ол 9 жылға сотталды.

Осы кезең аралығында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Манғыстау және Түркістан облыстарында жедел-іздестріру шаралары нәтижесінде 28 тұлға ұсталды.

Олар терроризмді насихаттаған, діни араздықты қоздырған, интернетте және өздерінің айналасында тыйым салынған материалдарды таратқан және экстремисттік ұйымына қатысқан деген күдікке ілінді.

Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Жедел-іздестіру іс-әрекеті
04 августа 2026
Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл туралы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жалғастыруда.

2026 жылдың басынан бері есірткі жеткізудің 33 халықаралық және 11 өңірлік арнасы жойылды, 3 жасырын зертхананың әрекетінің жолы кесілді.

Барлығы 3,2 кг героин, 8 кг метамфетамин, 70,6 кг апиын, 129,7 кг гашиш, 16 кг гашиш майы, 282 кг марихуана, 156,5 кг қарасора, 56,4 кг психотроптық заттар, сондай-ақ 20 тонна көкнәр сабанының шикізаты мен 3,8 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді.

Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, 21 халықаралық есірткіге қарсы операция жүргізілді.

Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен ҚР 114 азаматы және 7 шетелдік ұсталды.

Шекаралас мемлекеттердің аумағында халықаралық қылмыстық топтардың 14 қатысушысының әрекетінің жолы кесілді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Жедел-іздестіру іс-әрекеті
30 июля 2026
Алаяқтық колл-орталықтардың әрекетінің жолын кесу туралы

2026 жылы 23 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Корея Республикасының 14 азаматын ұстады.

Аталған елдің құқық қорғау органы оларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, алаяқтық әрекеттер жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде.

Олардың тұрғылықты жерлерін тінту нәтижесінде заңсыз әрекетте қолданылған компьютерлік техника, ұялы телефондар мен ноутбуктер табылды.

Ұсталғандар процестік іс-әрекеттер жүргізу және одан әрі депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

ҰҚК баспасөз қызметі

Жедел-іздестіру іс-әрекеті
28 июля 2026
Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркілеу туралы

Биыл шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалаларында және еліміздің 8 өңірінде қару-жарақтың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Барлығы 31 бірлік қару, оның ішінде 4 автомат, 20 мылтық, 7 тапанша, 2 граната және 278 оқ-дәрі тәркіленді.

Жедел-тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Социальные сети
Youtube
Twitter
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері