Мазмұны
Кіріспе
Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының (бұдан әрі - АҚЖО) лицензиясын алу үшін лицензиатпен әзірленіп бекітілген және лицензиармен келісілген «Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы қызметі шеңберінде ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсету әдістемесі» (бұдан әрі – әдістеме) болуы қажет.
Әдістемені әзірлеуге «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметті және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 бұйрықтағы 3-қосымшаға 1-тармақшасы негіз болып табылады (бұдан әрі - бұйрық).
Оқу құралын әзірлеудің негізгі мақсаттары АҚЖО қызмет көрсету кезінде әдістемені әзірлеу тәртібін, логикасын, екпінін және алгоритмін ашу болып саналады.
Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны ресімдеу кезінде біліктілік талаптарын растайтын құжаттарды бергенге дейін әдістемені лицензиармен алдын ала келісу жүзеге асырылады (байланыстар: 8-7172-76-49-49, sts@knb.kz).
Әдістеменің Құрылымы
Әдістемені 4 бөлімнен кем емес әзірлеу ұсынылады:
1) терминдер және олардың анықтамалары;
2) лицензиаттардың құзыреті салаларының сипаттамасы;
3) жарақтандыруға қойылатын талаптар;
4) нормативтік сілтемелер.
Терминдер және олардың анықтамалары
Пәндік салада бағдарлау мақсатта Әдістемеде ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, әсіресе Әдістемеде қолданылатын терминдерді көрсету ұсынылады. Мысалы:
1) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтамасыз ету, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым (2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» № 418-V ҚРЗ 1-бабының 4-тармақшасына сәйкес);
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері (бұдан әрі - АКИАМО) - жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге, әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі, оның ішінде: жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылыстар, құқық қорғау қызметі, «Электрондық үкімет» инфрақұрылымы үшін елеулі теріс салдарларға алып келетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 529 қаулысының редакциясында мазмұндалған);
3) Ақпараттық қауіпсіздік инциденті – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында олардың тиісінше жұмыс істеуіне қатер төндіретін жеке немесе сериялық туындайтын іркілістер және (немесе) электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз алу, көшіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау үшін жағдайлар (2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» № 418-V ҚРЗ 1- бабының 31-тармақшасына сәйкес).
Құзыреттілік салаларының сипаттамасы
Әдістемеде ақпараттық қауіпсіздіктің толыққанды жедел орталықтарын (SOC, Security Operation Center) құру үшін барлық қажетті техникалық және процестік базамен (қорғауды бақылау, шабуылдарды анықтау, АКИАМО-мен уақытылы алмасу және т.б.) нақты міндеттерді қалыптастыру ұсынылады.
Мысалы: егер АҚЖО қауіптер мен ақпараттық қауіпсіздік инциденттерінің өзіндік сыни деңгейлерін пайдаланса, онда бұл жағдайда АКИАМО-ге ақпарат жібермес бұрын, «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу туралы Қағидаларының» ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркісбі министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы №48/НҚ бұйрығы 1-қосымшасындағы қауіп деңгейлерін ескеру қажет.
Бұл ретте, ағымдағы және өсіп келе жатқан қауіп-қатерлермен тиімді күресуді және олармен байланысты тәуекелдерді азайтуды қамтамасыз ететін кешенді жүйені құру мақсатында, сондай-ақ 2018 жылғы 19 наурыздағы «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратпен алмасу қағидалары» № 48 / НҚ бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жедел орталығы мен ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасында азаматтардың цифрлық мемлекеттің әртүрлі аспектілеріне деген сенімін арттыру, өз қызметін анықтау, бағалау, болжау және т.б. бағыттарда өз қызметін жүзеге асырады. Ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым иесін, сондай-ақ АКИАМО фактілері мен оқиғалар туралы хабардар етеді. Сондай-ақ мониторингтер жүргізіледі, ақпараттық қауіпсіздік инцидентіне және т. б. тартылған бағдарламалық-техникалық құралдардан деректер жинауды жүзеге асырылады.
Бұл ретте ағымдағы және өсіп келе жатқан қауіп-қатерлермен тиімді күресті қамтамасыз ететін кешенді жүйені құру мақсатында және олармен байланысты тәуекелдерді азайту, сондай-ақ азаматтардың сенімін арттыру цифрлы мемлекеттің әртүрлі аспектілеріне қарай ОӘК 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V «Ақпараттандыру туралы» ҚРЗ 7-2-бабында айқындалған өз құзыретіне сәйкес қызметті толық көлемде жүзеге асыруы қажет.
Жарақтандыруға қойылатын талаптар
Бұл бөлімде «Ақпараттық қауіпсіздікті және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 30 қаңтардағы ҚР ҰҚК Төрағасының № 4 бұйрығының 3-қосымшасының 6-қосымшасына сәйкес іздеу бағдарламалық өнімдерінің минималды жиынтығын пайдалану процесін көрсету қажет.
Клиенттерді ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінен қорғау құралдары.
(Webfilter) санаттар бойынша интернет-ресурстарға қол жеткізуді басқару жүйесі, (WAF) веб-қосымшаларды қорғаудың желі аралық экраны (security mail gateway) зиянды БҚ бар электрондық пошталардан қорғауға арналған электрондық поштаны бақылау жүйесі бағдарламалық жасақтаманы қауіпсіз орындауға арналған жүйе, (Sandbox) БҚ қауіпсіз орындау үшін жүйесі, DDoS-шабуылдардан қорғау жүйесі (AntiDDoS));
4.Ақпараттың таралып кетуін болдырмау құралы (DLP) (техникалық арналар арқылы ақпараттың ағып кету фактілерін анықтау және бұғаттау).
Ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне мониторингтеу және ден қою құралдары
Ақпараттық қауіпсіздік аудиті және тестілеу құралдары ақпараттық жүйелер мен ресурстарға ену үшін
Нормативтік сілтемелер
- «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы №418-V Заңы;
- «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі №154-XIII Заңы;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларында қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» № 4 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» № 832 қаулысы;
- Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы» № 48/НҚ бұйрығы;
- Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 52/НҚ бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Ақпараттық технология. Есептеуіш техника құралдарында өңдеу кезінде жанама электромагниттік сәулеленулер мен ошақтардың арна арқылы ағып кетуінен ақпаратты қорғау. Жалпы техникалық талаптар» ҚР СТ 34.013-2002;
- «есептеу техникасы құралдарындағы, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен желілердегі ақпаратты жанама электромагниттік сәулелену және ошақтар арқылы ағып кетуден техникалық қорғау. Жалпы техникалық талаптар» ҚР СТ 1701-2007;
- ҚР СТ ИСО/МЭК 27001-2015 «Ақпараттық технология. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Талаптар».