Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларында қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10473 тіркелді
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі, осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы ақпараттық қызметі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми Интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Комитет Төрағасы Н. Әбіқаев
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
2015 жылғы 30 қаңтар
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
2015 жылғы 30 қаңтар