Атырау облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті Атырау облысы бойынша полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі аға жедел уәкілі Нұрболат Жансариев пен “Зерде-Фарма” ЖШС директорының оқыту жөніндегі орынбасары Тазагүл Аудекованың қатысуымен фармацевтикалық субъектілердің өкілдерімен семинар өткізді.
Семинар барысында қатысушыларға “Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020, “Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы” 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрықтары, сондай-ақ “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 426.1-бабына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық туралы түсіндірілді.
Семинарға қатысушыларға Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілерге, жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультациялық көмек көрсететінін, сондай-ақ Департаменттің ресми сайтында және оның Facebook парақшасында жарияланған бекітілген кестеге сәйкес жеке қабылдаулар өткізетінін еске салды. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.