2025 жылғы 16 сәуірде Қостанай облысына Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Айманов жұмыс сапарымен келді.
Сапар аясында ол өңірдің медициналық ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді. Талқылаудың негізгі тақырыбы пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын күшейту, атап айтқанда азаматтардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарау болды. Медициналық қызмет көрсету кезінде стандарттардың, ережелер мен клиникалық хаттамалардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, Нұрлан Айманов Қостанай облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департамент қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік органның қызметіндегі проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Медициналық және әкімшілік-басқару процестерін трансформациялау үшін цифрлық технологияларды пайдалануды қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басымдықтарына ерекше назар аударылды. Бұл шаралар халық үшін медициналық көмектің қолжетімділігін, тиімділігін, сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Кездесу қорытындысы бойынша Нұрлан Айманов Департамент қызметкерлерінің бірқатар бастамалары мен ұсыныстарын қолдап, комитеттің өз қызметінің барлық бағыттары бойынша ашық диалог пен сындарлы өзара іс-қимылға дайындығын атап өтті.