Сапар барысында Комитет төрағасы аумақтық бөлімшенің қызметімен танысты, аймақтағы медициналық және фармацевтикалық бақылау саласындағы өзекті мәселелер мен басым бағыттарды басқарма басшылығымен және мамандарымен талқылады.
Арнайы медициналық көмек көрсету сапасын арттыру, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдану талаптарын сақтау, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін бақылауды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сапар аясында Бауыржан Жүсіпов департамент ұжымымен кездесу өткізіп, аумақтық органдардың бақылау жүйесін қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтіп, салаға қосқан үлесі үшін қызметкерлерге алғыс алғысын білдірді.
Жұмыс сапары медициналық өнім айналымы саласындағы бақылау процестерін жетілдіру, ашықтықты арттыру жөніндегі жоспарларды талқылаумен аяқталды.
Сапар соңында медициналық өнімдерді бақылауды күшейту және процестердің ашықтығын арттыру жөніндегі жоспарлар қаралды.