Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мемлекеттік қызметтер туралы анықтамалық ақпарат

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мемлекеттік қызметтер туралы анықтамалық ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) бүгінгі таңда фармацевтикалық қызмет саласында келесі мемлекеттік қызметтер  көрсетіледі:

  1. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және "Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығы негізінде «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызметі 2024 жылғы 8 ай ішінде 1306 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде 650 берілді, 656 бас тартылды;
  2. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер, тірі организмнен тыс (in vitro) диагностика үшін медициналық бұйымдарға клиникалық-зертханалық сынаулар жүргізу қағидаларын және клиникалық базалар мен "Фармакологиялық және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды клиникалық зерттеуді және (немесе) сынауды жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-248/2020 бұйрығы негізінде «Фаракологиялық және дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеу және (немесе) сынақ жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметі 2024 жылғы 8 ай ішінде 15 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде 11 берілді, 4 бас тартылды;
  3. «Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығы негізінде «Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, дәрілік заттың немес медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу» мемлекеттік қызметі бойынша 2024 жылғы 8 ай ішінде 7781 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде 6699 берілді, 1082 бас тартылды;
  4. «Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 21 қаңтардағы № ҚР ДСМ-8 бұйрығы негінде «Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2024 жылғы 8 ай ішінде 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
  5. Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қатардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығы негізінде «Тиісті фармацевтикалық практикалардың сәйкестігіне сертификаттар беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2024 жылғы 8 ай ішінде 36 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде 31 берілді, 5 бас тартылды.

Комитеттің территориалдық аумақтары мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

  1. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және "Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығы негізінде «Қазақстан Республикаснда тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкетуге келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2024 жылғы 8 ай ішінде 548 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде 509 берілді, 39 бас тартылды;
  2. Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығы негізінде «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2024 жылғы 8 ай ішінде 1866 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде 1393 берілді, 473 бас тартылды;
  3. Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығы негізінде «Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2024 жылғы 8 ай ішінде 326 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде 255 берілді, 71 бас тартылды;
  4. Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығы негізінде «Дәрілік заттар мен медициналық бұйыымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2024 жылғы 8 ай ішінде 7837 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде 5544 берілді, 2293 бас тартылды;

Комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК мынадай мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-10 бұйрығының негізінде «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2024 жылғы 8 ай ішінде 10456 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде 7518 берілді, 2938 бас тартылды.