Шаметеков Иран Маратұлы ҚР ДСМ МФБК Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды

Шаметеков Иран Маратұлы ҚР ДСМ МФБК Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды

2024 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Иран Маратұлы Шаметеков ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Иран Шаметеков 1975 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Әр жылдары Астана қаласының ТЖҚ " 3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында МКК" директоры қызметін атқарды, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді және еңбек өтілі 22 жылға жуық.