ЕРБОЛ ОСПАНОВ ЕЛОРДАЛЫҚ АУРУХАНАДА ДӘРІ ДӘРМЕКТЕРДІ ТАҢБАЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ПРОЦЕСТЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

ЕРБОЛ ОСПАНОВ ЕЛОРДАЛЫҚ АУРУХАНАДА ДӘРІ ДӘРМЕКТЕРДІ ТАҢБАЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ПРОЦЕСТЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов Астана қаласындағы №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалаудың бизнес-процестерімен танысты.

Іс-шараға Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының, «Қазақтелеком» АҚ, Цифрлық экономиканы дамыту орталығының өкілдері қатысты.

Вице-министрге медициналық ұйым өзінің есеп жүйесін тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторының ақпараттық жүйесімен қалай біріктіргенін, сондай-ақ таңбаланған препараттарды айналымнан шығару қалай жүзеге асырылатынын көрсетті.

Бұл өз кезегінде медициналық мекемелерге дәрі-дәрмектерді тұтынудың объективті көрінісін көруге және сол арқылы дәрі-дәрмектерді сатып алуды ұтымды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Демонстрация барысында Ербол Оспанов іс-шараға қатысушылармен адами фактормен байланысты тәуекелдерді барынша азайтуды ескере отырып, дәрі-дәрмектерді қадағалау жүйесіндегі жұмысты жетілдіру және ашықтық мәселелерін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап ветеринарияда қолданылатын дәрілік заттар мен вакциналарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына әкелінген және Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген дәрілік заттарға қатысты міндетті таңбалау енгізіледі.