ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА

ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА

Жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының жобасы жарияланды.

Бұл жоба дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау процесін жақсарту және жеңілдету, сондай-ақ оларды одан әрі іске асыру бойынша шешімдер қабылдау мақсатында әзірленген.

Бұйрық жобасы нормаларды нақтылау, сондай-ақ зертханалық сынақтарды жүргізу мерзімдерін үйлестіру бөлігіндегі өзгерістерді қамтиды.

Бұдан басқа, жоба өнімнің сапасын бағалауды жүргізу және жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымға шығарылуын болдырмау үшін ұсынылатын құжаттаманың тізбесін өзгертуді көздейді.

Сондай-ақ, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне әсер етпейтін, қаптамаға ақпарат жағудың өндірістік процесі кезінде техникалық қателік нәтижесінде туындаған таңбалауға қатысты көрсеткіштер бойынша сәйкес келмеуге қатысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік органның дәрілік заттар өнімінің сәйкестік сертификатын тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдауды болдырмау мақсатында Қағидалардың 44-тармағына өзгеріс енгізілуде.

Қоғамдық талқылау 2024 жылдың 19 сәуіріне дейін жалғасады.

Жобамен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15006757