КОМИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

КОМИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

2024 жылғы 26 наурызда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде «Ашық есік күні» өткізілді.

Бұл іс-шара барлық ниет білдірген азаматтар үшін үнемі өткізіліп тұрады.

Іс-шара барысында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, медицина қызметкерлерін сертификаттау, медициналық қызметті лицензиялау, сондай-ақ медициналық қызметтер көрсету сапасына шағым беру мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.