ЕЛОРДАЛЫҚ ДӘРІХАНАДА ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ТАҢБАЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР КӨРСЕТІЛДІ

ЕЛОРДАЛЫҚ ДӘРІХАНАДА ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ТАҢБАЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР КӨРСЕТІЛДІ

2024 жылғы 15 наурызда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне Астана дәріханаларының бірінде дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесіндегі жұмысты көрсетті.

Іс-шараға Комитеттің фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасының басшысы Эрик Құлшанов, «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС бас директоры Бикеш Құрманғалиева, «Europharma» дәріханасының өкілдері қатысты.

Қатысушыларды өндірушіден дәріханаға дейінгі дәрі-дәрмектерді бақылау жүйесінің бизнес-процестерімен таныстырды, сондай-ақ 2D-сканер мен арнайы мобильді қосымшаның көмегімен препараттарды айналымнан шығару қалай жүзеге асырылатынын көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттарды міндетті таңбалау басталады.

Дәрілік заттардың таңбалануы мен қадағалануы дәрілік заттардың өмірлік циклін мониторингілеу, фармакологиялық қадағалаудың тиімділігін арттыру, дәрілік заттардың заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында енгізіледі.

Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесінде жұмыс істеу үшін дәріхана ұйымдарына бақылау-кассалық машинаның, таңбаланған препаратты таңбалаудың ақпараттық жүйесінде босатуды және тауарларды қадағалауды жүзеге асыру үшін 2D-сканердің болуы қажет.

Анықтама: 2D сканерлердің орташа құны субъектінің қуатына байланысты 13-тен 185 мың теңгеге дейін өзгереді.

Бейнеге сілтеме: https://www.instagram.com/reel/C4pS_r9odPH/?igsh=MTltZGJvMHVuYzU3