ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті Қазақстандықтар, сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Рамазан айы бүкіл әлем мұсылмандарының рухани жаңғыру уақыты. Қасиетті Ораза күндері мейірімге, кешірімге, сабырға, игі істерге ерекше мән беріледі. Бұл айда мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық шараларына қатысу дәстүрге айналған.

Осындай жоғары адамгершілік қасиеттердің көрінісі барша мұсылмандардың ынтымағы мен бірлігіне септігін тигізеді.

Әр отбасына амандық, зор денсаулық және бақ-береке тілейміз!