Дәрілік заттар, кез-келген тауар сияқты, бұрмалану қаупіне ұшырайды. Мұндай препараттар денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін, өйткені олар қауіпсіздікті тексеруден өтпейді. Бүгін біз сізге жалған өнімді қалай анықтауға болатынын айтқымыз келеді.
Ең алдымен, қаптаманың физикалық жағдайына назар аударған жөн, оның ақаулары болуы мүмкін. Сондай-ақ, оның түсіне назар аударған жөн. Егер күмәндансаңыз, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының www.ndda.kz сайтындағы Дәрілік заттардың мемлекеттік тізіліміндегі түпнұсқа қаптаманың фотосуретімен салыстыруға болады. Салыстыру кезінде суреттерді немесе арнайы орау таңбаларына мұқият қараңыз.
Тағы бір белгі - бұл мәтін, онда грамматикалық қателіктер жіберілуі мүмкін. Қолдану жөніндегі нұсқаулық мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы керек. Сондай-ақ, қаптамада және нұсқаулықта дәрілік заттың тіркеу нөмірі жазылады. Олар бір-бірінен ерекшеленбеуі керек. Нөмірді Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінен білуге болады.
Саны бойынша да сәйкессіздіктер болады. Мысалы, қаптамада ампуланың 5 мл екендігі көрсетілген, ал іс жүзінде қаптамада 3 мл ампулалар бар. Сәйкессіздіктер таблетка санында да болуы мүмкін.
Егер бұрмаланған дәрілік затты тапқан болсаңыз, сіз өзіңіздін орналасқан жерініз бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне хабарласуыныз қажет. Шағымға растайтын құжаттарды тіркеу қажет.
Азаматтық ұстанымыңызды көрсете отырып, сіз қоғамға жат адамдармен күресіп қана қоймай, біреудің өмірін сақтай аласыз.
Өзіңізді және денсаулығыңызды сақтаңыз!