25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ!

25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ!

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтауларыңызды қабыл алыңыз!

Бұл біздің еліміз үшін ең маңызды күндердің бірі. 33 жыл бұрын осы күні мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды. Бұл оқиға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының бастапқы нүктесі болды.

«Бүгінде біздің мемлекеттілігіміз қарқынды дамыған егемен республиканың өркениетті әрі құқықтық сипатына ие болды.

Қастерлі тәуелсіздігімізді қорғап, жан-жақты нығайту – бәріміздің ортақ міндетіміз, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы перзенттік парызымыз. Біз Республика күнінің мән-маңызын, оның мықты мемлекет және көзі ашық, көкірегі ояу ұлт қалыптастыруға бағытталған ауқымды өзгерістердің символы ретіндегі терең мағынасын жастарға түсіндіруіміз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды табыстаудың салтанатты рәсімінде сөйлеген сөзінде.

Құрметті қазақстандықтар, осы мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби өсу тілейміз.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!