ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРІГЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРІГЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Қазан айының бірінші дүйсенбісінде әлемде Халықаралық дәрігер күні атап өтіледі. Мереке Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық медициналық гуманитарлық ұйымының бастамасымен құрылды.

Дәрігерлер мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалады, қауіптілігі жоғары нысандарда, төтенше жағдайлар және эпидемиялар кезінде медициналық көмекке мұқтаж адамдарға ұлттарға немесе діни нанымдарға бөлмей көмектеседі. Сондықтан бұл мереке дәрігерлердің ынтымақтастық күні деп те аталады.

Дәрігер мамандығы ғасырлар бойы қоғамда құрмет пен сұранысқа ие болды. Қазақстандағы Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2022 жылдың соңында барлық мамандықтағы дәрігерлер саны 79,4 мың адамды құрады. Олардың әрқайсысы ел үшін маңызды, өйткені біздің әл-ауқатымыз бен өркендеуіміз, өмір сүруге деген құштарлығымызды ояту дәрігерлерге байланысты.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мамандықтың барлық өкілдерін құттықтайды және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға ықпал ететін жаңа кәсіби жеңістер тілейді.