МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ IV ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ САММИТКЕ ҚАТЫСТЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ IV ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ САММИТКЕ ҚАТЫСТЫ

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Самарқандта 4-ші Еуразиялық фармацевтикалық Саммит басталды, оған Қазақстан Тарапынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың Ұлттық орталығының өкілдері қатысты.

Еуразиялық фармацевтикалық саммит шеңберінде Орта Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа елдерінің фармацевтикалық нарықтарын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Саммитке Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан және Моңғолияның реттеуші органдарынан 400-ден астам қатысушы, сондай-ақ жетекші халықаралық фармацевтикалық өндіруші компаниялардың, дистрибьюторлардың, дәріхана желілерінің өкілдері қатысты.

Конференцияға қатысушылар реттеу саясаты, дәрілік заттарға баға белгілеу, мемлекеттік сатып алу жүйесін дамыту, фармацевтика өнеркәсібін дамыту стратегиясы және т. б. мәселелері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара барысында Комитеттің фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Кенжебек Төлешов өз сөзінде Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға патенттік құқықтарды қорғау бойынша белсенді шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыс фармацевтикалық нарықты дамыту және елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту үшін маңызды болып табылады.

Өз кезегінде, қатысушылар алдында сөз сөйлеген Комитеттің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту басқармасының басшысы Айнұр Кабираева Қазақстанның экономиканы жаңғыртуды табысты іске асыру үшін қажетті инвестициялар мен озық технологияларды тартуға мүдделі екенін атап өтті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2 бағытта жұмыс жүргізуде. Бұл Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және BIGPHARMA тарту.

«НҚА жетілдіру бөлігінде біз мынадай бөліктерге өзгерістер енгіздік: қосымша өндірістік алаңдарды тіркеу рәсімдері; ұлттық рәсім бойынша стратегиялық маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу; ұзақ мерзімді шарттар жасасуды жетілдіру, бірегей фармацевтикалық препараттардың қайталама қаптамасын өндірушілерді отандық» деп тану.

Бүгінгі таңда елімізде Астана, Ақтөбе және Шымкент қалаларында инновациялық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әзірлеу бойынша медициналық-фармацевтикалық кластерлер құрылды.»- деп бөлісті Айнұр Кабираева.

Айта кетейік, елде фармацевтикалық өндірушілер үшін мемлекеттік қолдау бар. 

Инвестициялық преференциялардың келесі түрлері ұсынылады:
- кедендік баждар мен импортқа қосылған құн салығын салудан босату;
- мемлекеттік заттай гранттар;
- салықтар бойынша преференциялар.