25 Қыркүйек, бүкіл әлемде фармацевтер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бүгін біз ғалымдардың, химиктердің, провизорлардың, технологтардың және фармацевтердің көптеген ұрпақтарына құрмет көрсетеміз. Бұл сапалы, ең бастысы тиімді дәрі-дәрмектерді жасайтын, миллиондаған адамдардың денсаулығына қамқорлық жасайтын, дәріхана ұйымдарында халыққа қызмет көрсететін, дәрі-дәрмектердің сапасын бақылайтын, дәріхана қоймаларында жұмыс істейтін адамдар.
Қазақстанда фармацевтика саласы белсенді дамып келеді. Бүгінде елімізде қолайлы жағдайлар жасалып, өз өндірісін ашу үшін инвестициялар мен ірі шетелдік компаниялар тартылуда.
Фармацевтикалық қызметкер әрқашан денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі тұлғалардың бірі болып қала береді. Әр түрлі аурулардың алдын алу мен емдеудің тиімділігі сіздің жұмысыңызға байланысты.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті фармацевтика саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды! Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс, қоғамдағы құрмет және жаңа белестерді бағындыру тілейміз.