НҰРЛАН ЫСҚАҚОВ ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА FHIBF ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

НҰРЛАН ЫСҚАҚОВ ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА FHIBF ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері атынан Қазақстандық делегация Парижге «French Healthcare Innovation & Business Forum 2023» халықаралық форумына қатысу үшін келді.

Форумның мақсаты француз денсаулық сақтау жүйесінің негізгі өкілдері мен қатысушы елдердің мемлекеттік және жеке меншік денсаулық сақтау секторындағы жауапты тұлғалар арасында іскерлік байланыстар орнату болып табылады.

Қазақстан делегациясының құрамына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Төрағасы Нұрлан Ысқақов, Денсаулық сақтау басқармаларының, Ғылыми-зерттеу институттарының, Медициналық университеттер мен медициналық ұйымдардың басшылары кірді.

Француз форумына барлығы 18 елден 130 денсаулық сақтау ұйымы қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады, тәжірибе алмасты және ұсынылған мүмкіндіктер туралы айттып өтті.

Сондай-ақ, форумда денсаулық сақтау саласындағы инновациялар бойынша конференция және инвестициялар тарту бойынша семинар өткізілді.

Бұл кездесу елдер арасындағы денсаулық сақтау саласындағы әріптестік қатынастарды жандандыруға мүмкіндік береді.

FHIBF форумы 21 қыркүйекке дейін жалғасады.