ӨЗБЕКСТАНДА БАЛАЛАРДЫҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕП СОҚТЫРҒАН «ДОК-1 МАКС» ПРЕПАРАТЫ ҚАЗАҚСТАНДА САТЫЛМАЙДЫ

ӨЗБЕКСТАНДА БАЛАЛАРДЫҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕП СОҚТЫРҒАН «ДОК-1 МАКС» ПРЕПАРАТЫ  ҚАЗАҚСТАНДА САТЫЛМАЙДЫ

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Өзбекстанда балалардың өліміне әкеп соққан ДОК-1 МАКС препаратының ақпаратына қатысты келесіні хабарлайды.

ДОК-1 МАКС Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген, тиісінше іске асыруға жатпайды. ҚР-дағы ірі дәріхана желілері мен дәрілік заттар дистрибьюторларының ресми деректері бойынша бұл препарат жоқ және республика бойынша сатылмайды деп ресми мәлімдейміз.

Айта кету керек, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес дәрілік заттардың сапасын бақылау жүйесі олардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде жұмыс істейді. Дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін реттеудің негізгі элементі мемлекеттік тіркеу болып табылады, оның алдында олардың тиімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын кешенді бағалау жүргізіледі. Онсыз дәрілік зат нарыққа жіберілмейді. Қазақстанда тіркелер алдында дәрілік заттар мен олардың құрамына кіретін белсенді және қосалқы заттар, буып-түю материалдары сапасына мұқият тексеріледі.

Соңғы 4 жылда әр түрлі өндірушілердің құрамында этиленгликольдің қосымша құрамы жоғары болған 10 дәрілік препаратын тіркеуден бас тартылды және ел нарығына жіберілмеді.

ДОК-1 МАКС республика бойынша анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ДДСҰ COLD OUT және NATURCOLD  жөтелге қарсы үнді сироптарының қауіптілігі туралы ескерткен болатын. Комитет бұл дәрілік заттар Қазақстанда тіркелмегенін, көтерме және бөлшек сауда сегментінде сатылмайтынын ресми түрде мәлімдейді.

Жоғарыда аталған барлық дәрі-дәрмектерде көмекші заттарда этиленгликоль мен диетиленгликольдің жоғарылауы анықталды. Оларды қолдану адамдар үшін улы және ол өлімге әкелуі мүмкін.

Дәрі - дәрмектерді сатып алу кезінде міндетті түрде:

- дәрі-дәрмектерді дәрігерлерді тағайындағаннан кейін ғана сатып алыңыз;

- егер қолдану жөніндегі нұсқаулықта дәрі-дәрмектің дәрігерлердің рецепті бойынша қол жетімді екендігі көрсетілсе, онда бұл дәрі-дәрмектерге рецепт қажет;

- дәріханада фармацевт сатып алынатын дәрі-дәрмектің сапасына сәйкестік сертификаты бар-жоғын көз жеткізіңіз;

- қаптамада тіркеу нөмірі болуы керек(№ҚР-ЛС....).

Егер қаптамада бұл белгілер болмаса немесе Қазақстан Республикасында тіркеу туралы ақпарат болмаса, бұл дәрі-дәрмектің жалған екендігінің белгісі болуы мүмкін.

Есіңізде болсын, контрафактілерде нақты дәрі-дәрмектерден сапалы көшірілген қаптама болуы мүмкін, бірақ өндірушінің атауы мен мекен-жайы әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан дәрі-дәрмекті сатып алмас бұрын әрқашан қаптамадағы ақпаратты тексеріп, шығу тегі күмәнді тауарларға сенбеңіз.

Қазақстанда тіркелген барлық дәрі-дәрмектерді ресми сайттан табуға болады http://register.ndda.kz