ҚАЗАҚСТАНДА РЕЦЕПТТЕРДІ ЖАЗЫП БЕРУ, ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ САҚТАУ ТӘРТІБІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

ҚАЗАҚСТАНДА РЕЦЕПТТЕРДІ ЖАЗЫП БЕРУ, ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ САҚТАУ ТӘРТІБІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi № 129 бұйрығымен рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау тәртібіне өзгерістер еңгізілді.

Жаңа редакциясында дәрілік заттармен тұрақты тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуді қажет ететін науқастарға үш айға дейінгі мерзімге тағайындалуы мүмкін.

Терминалдық (соңғы) сатысында аурулардан зардап шегетін, үдемелі аурулардан зардап шегетін айықпас науқастарға құрамында есірткі, психотроптық заттар бар бір рецептіде жазып берілетін дәрілік заттың мөлшерін терапияның 10-15 күнтізбелік күніне, ал аудан орталығынан шалғай елді мекенде тұратын адам үшін терапияның 25-30 күнтізбелік күніне жеткілікті мөлшерде тағайындауға жол беріледі.

Рецепттерді сақтауға қатысты, әр айдың бірінші күніне жауапты тұлға кітап қалдығымен арнайы рецептілік бланкілердің нақты болуын салыстырып тексереді, ол туралы нысан бойынша арнайы рецептілік бланкілерді салыстыру актісі жасалады.

Салыстыру нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған кезде денсаулық сақтау ұйымының басшысы табылған сәттен бастап бір тәулік ішінде бұл туралы дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.

Арнайы рецепт бланкілерін есепке алу кітабы оған барлық кіріс және шығыс құжаттарымен бірге сейфтерде немесе металл шкафтарда ағымдағыны есептемегенде бес жыл сақталады.

Дәрілік заттарды, оның ішінде тегін және жеңілдікті шарттармен берілетін дәрілерді алуға арналған рецепттер 1 ай бойы жарамды. Ал құрамында есірткі, психотроптық және күшті әсер ететін заттар бар дәрілік заттарға арналған рецепттер рецепт берілген сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жарамды.

Дәрілік затқа арналған рецепті қағаз түрінде сақтау мерзімі кемінде күнтізбелік отыз күнді құрайды. Құрамында есірткі, психотроптық және күшті әсер ететін заттар бар дәрілік затқа арналған рецепті бір жыл сақталады. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі тарапында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде босатылатын дәрілік заттар рецептілері, екі жыл сақталады.

Сақтау мерзімі өткеннен кейін рецепттер жойылуға жатады. Рецепттерді жою үшін дәріхананың, дәріхана пунктінің басшысы мен материалдық жауапты адамдарынан комиссия құрылады. Комиссия жою актісін жасайды, онда жойылған рецептілердің мерзімі мен саны сөзбен көрсетіледі.

Талаптарға жауап бермейтін рецепт жарамсыз болып табылады және «Рецепт жарамсыз» мөртабанымен өтеледі, қате жазылған рецепттерді есепке алу журналында тіркеледі.

Құжат 19 шілдеде жарияланды және 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

Құжаттың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады:

https://zan.gov.kz/client/#!/doc/183882/kaz