ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНҒАНДА АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯНЫ ҚАЛАЙ БОЛДЫРМАУҒА БОЛАДЫ?

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНҒАНДА АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯНЫ ҚАЛАЙ БОЛДЫРМАУҒА БОЛАДЫ?

Адамнын әрқайсысының ағзасы әртүрлі және көпшілікке сәйкес келетін препараттар белгілі бір пациентте төзімсіздік болатын жағдайлар болады. Асқынуларды болдырмау үшін кез келген препаратты қабылдауды жоспарламас бұрын онын жағымсыз реакциялар тудырмайтынына көз жеткізу маңызды. Сондықтан аллергиялық сынақтарға талдау жасау қажет. Алынған нәтижелер мамандарға Сіз үшін ең қауіпсіз препараттарды таңдауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда сатылатын препараттар тіркеуден кейін де бақыланады. Тіркелген және барлық клиникалық сынақтардан өткен дәрі-дәрмектер адамдарда жағымсыз реакциялар тудыратын немесе тиімсіз болатын жағдайлар бар. Егер сіз бұған тап болсаңыз, дәрі-дәрмекті сатып алған фармацевтке немесе сіздін емдейтін дәрігерге хабарласуыңыз керек.

Медицина қызметкерлері дәрілік заттардың жағымсыз реакциялары туралы карта-хабарламаны Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына жібереді. Хабарламада олар әрбір нақты жағдайға барынша талдау жүргізу үшін қажетті деректерді сипаттайды: пациент, қолайсыз оқиға, күдікті препарат, басқа дәрілік заттар, соның ішінде өзін-өзі емдеу тәсілдері және т. б. туралы ақпарат.

Әрбір нақты жағдай бойынша дәрілік заттардың күдікті жанама әсерлеріне талдау жүргізіледі, жағымсыз реакцияның дамуы мен препаратты қабылдау арасындағы себеп-салдарлық байланыс зерттеледі және сараптамалық қорытынды беріледі.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Дәрілік заттар мен медциналық бұйымдар сараптау ұлттық орталығы қорытындылары негізінде қажет болған жағдайда дәрілік препаратты қолдануды шектейді, маркетингті тоқтата тұрады, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізеді, нарықтан кері қайтарып алады және елде препаратты өндіруге, таратуға және қолдануға тыйым салады.

Құрметті азаматтар!

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті сізге аллергиялық сынақтарға тест тапсыруды және қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығуды ұсынады. Егер препарат жағымсыз реакция тудырса немесе терапиялық әсер етпесе, мамандарға хабарласыңыз.