Бүгін бүкіл әлемде медбикелер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде. 1974 жылы Халықаралық медбикелер кеңесі бұл күнді ресми түрде құрды. Бұл күн осы күні дүниеге келген алғашқы халықаралық мейірімділік әпкелері ұжымын құрған Флоренс Найтингейлге құрмет ретінде таңдалды. Дәстүр бойынша, 12 мамырда Халықаралық Қызыл Крест комитеті Флоренс Найтингейл атындағы 50 медаль береді.
Медбикелер кез-келген медициналық ұйымның маңызды бөлігі болып табылады. Олар дәрігерлерге көмек көрсетеді, науқастарға күтім жасайды, құжаттамамен айналысады.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті сізді кәсіби мерекемен құттықтайды. Сізге зор денсаулық, сарқылмас қуат және жұмыста сәттілік тілейміз!