ЕАЭО МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТІРКЕУ ЖӘНЕ САРАПТАУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУДІ ЖОСПАРЛАУДА

ЕАЭО МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТІРКЕУ ЖӘНЕ САРАПТАУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУДІ ЖОСПАРЛАУДА

ЕАЭО аумағында медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістер енгізу жобасы талқылауды өткізу үшін жарияланды.

Жоба Одақ нарығында айналымдағы дәрілік препараттарға қатысты талап етілетін құжаттарды қысқартуға, қосымша қауіпсіздік шараларын белгілеуге, дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған.

Сондай-ақ мүше мемлекеттің нарығында 5 жыл немесе одан да көп тіркелген дәрілік заттар үшін мерзімсіз тіркеу куәліктерін беру мүмкіндігі қаралады. Жобаны талқылау 25 мамырға дейін жүргізіледі.

Толық мәтінмен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://docs.eaeunion.org/ria/ru-ru/0105925/ria_14042023