ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ-ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНА 75 ЖЫЛ ТОЛДЫ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ-ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНА 75 ЖЫЛ ТОЛДЫ

Бүгін бүкіл әлемде Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған. 1948 жылы 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) құрылды. Биыл ДДСҰ өзінің 75 жылдығын атап өтуде.

Бүкіл әлемде коронавирустық пандемия өз денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығын көрсетті. Осы қиын күндерде елдің денсаулық сақтау жүйесі жағдайды жақсартуға бар күшін салды. Дәрігерлер пациенттердің өмірі үшін жанқиярлықпен күресті.

Мықты денсаулық-барлық табыстар мен жетістіктердің кепілі. Бүгінгі күні көптеген адамдар бұл сөздердің мағынасын түсінеді және салауатты өмір салтын жақтаушылардың дауыстары күшейе түседі.

«Бүгін – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні. ДДСҰ-ның құрылғанына 75 жыл толып отыр. Біз әлем халқының денсаулығын нығайту жөніндегі Ұйымның қажырлы қызметін құптаймыз. Қазақстан денсаулық сақтау саласының барлығына қолжетімді әрі әділ болуын толық қолдайды»,-деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мерейтойына байланысты құттықтауында.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ол бекітілген Ұлттық жобаның шеңберінде 655 МСАК объектісін салу, сондай-ақ жарақтандыру, күрделі жөндеу, реконструкциялау жолымен 32 көп бейінді аудандық орталық ауруханаларды жаңғырту көзделіп отыр.

Құрметті қазақстандықтар!

Сізге және Сіздің жақындарыңызға зор денсаулық, амандық және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Дүниежүзілік денсаулық күні құтты болсын!