ҚАЗАҚСТАНДА ТРАМАДОЛ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛДІ

ҚАЗАҚСТАНДА ТРАМАДОЛ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы» өзінің №470 қаулысына өзгеріс енгізді.

Өзгерістер трамадол препаратына әсер етті. Енді оны арнайы рұқсаты бар дәріханалар жүзеге асыра алады.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттарды лицензиясыз өткізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді.