Әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның дәріханаларында «Парацетамол» және басқа да қызуды басатын препараттардың болмауы туралы ақпарат таратылады.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті қызуды басатын препараттардың жеткілікті ассортименті мен саны бар екенін хабарлайды.
Комитеттің аумақтық департаменттері апта сайын көтерме және бөлшек сауда желісіндегі дәрілік заттардың қолжетімділігіне 6 топ бойынша мониторинг жүргізеді: қызуды басатын дәрілер, антибиотиктер, вирусқа қарсы, қабынуға қарсы, гормоналды және антикоагулянттар.
Фармацевтикалық субъектілердің, ҚР дистрибьюторлар қауымдастығының және ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының деректеріне сәйкес республика бойынша қоймаларда жоғарыда аталған препараттардың қорлары жеткілікті мөлшерде бар.
Республика бойынша көтерме желіде қызуды басатын дәрілік заттар бар - 16,4 млн қаптама, оның ішінде парацетамол – 178,6 мың қаптама, вирусқа қарсы – 16,6 млн қаптама, қабынуға қарсы – 15,4 млн қаптама, антибиотиктер – 17 млн қаптама, гормондық препараттар – 13,5 млн қаптама, антикоагулянттар – 11,5 млн қаптама бар.
Қызуды басатын дәрілер бөлшек сегментінде 3,6 миллион қаптама бар, оның ішінде парацетамол – 404,6 мың қаптама, вирусқа қарсы – 1,4 миллион қаптама, қабынуға қарсы – 1,7 миллион қаптама, антибиотиктер – 2,9 миллион қаптама, гормоналды препараттар – 680,6 мың қаптама, антикоагулянттар – 948,4 мың қаптама.
Егер сіз парацетамолдың жетіспеушілігіне тап болсаңыз, дәріханаларда парацетамолды қамтитын біріктірілген дәрілік формалар бар екенін ескеріңіз. Сондай-ақ жеткілікті мөлшерде қызуды басатын дәрілер тобынан басқа препараттар бар (ацетилсалицил қышқылы, ибупрофен, нимесулид және т.б.).
Кейбір дәріханалар логистикалық кешігуге байланысты парацетамолды болмауы мүмкін. Мәселен, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жақын күндері препараттың жаңа жеткізілімі күтілуде.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жалған ақпарат таратпауды және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми дереккөздерін ұстануды сұраймыз.